Жаңа технологияның оқушының пәнге қызығушылығын арттырудағы рөлі

2024 жылдың  31  қаңтар  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  «Жаңа технологияның оқушының пәнге қызығушылығын арттырудағы рөлі» тақырыбында оқыту семинарыөтті.

Білім беру ұйымдарының жас математика педагогтеріне жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту жолдары қарастырылды.

Оқыту семинарына қала мектептерінің жас математиктері қатысып, жаңа технологиялармен танысты.

 Әдістемелік орталық әдіскері Қ.Нұртаева және қала мектептерінің математика мұғалімдері Берикбай Мирахан, Эльмира Мейрамовна, Мурадхан Жанагуль, Дина Кенесовна, Гульжанар Салемовна  «Жаңа технологияның оқушының пәнге қызығушылығын арттырудағы рөлі»  тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.  Семинар барсында  төмендегідей тақырыптар қарастырылды.

  • Математика сабағында жаңа технологияларды тиімді қолдану;
  • Тиімді әдіс-тәсілдерді падалана отырып пәнде оқытудың ерекшеліктері;
  • Оқушыларға сапалы білім берудегі жаңа технологиялардың тиімділігі;
  • Математика пәнінде nearpod.com қосымшасын пайдалану;
  • Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.

Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды жас мамандардың назарына ұсынды:

1.     Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

2.     Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.

3.     Мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.

4.     Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі маңызды.

5.     Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі қажет.

6.     Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру пайдалы.

7.     Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану керек.

Семинар соңында жас математиктер спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізді. Кері байланыс Падлет тақтасы арқылы жасалды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *