Жас денешынықтыру нұсқаушылары арасында эстафеталық сайыс өтті

2024 жылдың 26 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК және мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру ассоциацияның ұйымдастыруымен қимылды ойындар арқылы өзара қарым- қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын ұстануды көздей отырып, дене шынықтыру нұсқаушылары арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында «Дені саудың жаны сау» атты эстафеталық сайыс өтті.

Сайысқа Астана қаласының «Есіл», «Сарыарқа», «Алматы», «Байқоңыр», «Нұра» аудандары бойынша жас денешынықтыру нұсқаушыларынан құралған 5 команда қатысты.

Комиссия мүшелері сайыс талаптарына сәйкес дене шынықтыру дағдыларын орындау деңгейін, сайыстағы шапшаңдығын, спорттық киім үлгісін, өзін-өзі ұстау мәдениетін бағалады.

Эстафеталық сайыстың қорытындысы:

I – орын Есіл ауданы;

II – орын Сарыарқа ауданы;

III – 3 орын Нұра ауданы иеленді.

Барлық қатысушылар ынталандыру дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған