Концертмейстер жұмысының ерекшеліктері. Қазіргі заманғы концертмейстер орындаудың өзекті мәселелері: сабақтастық, тәжірибе алмасу, перспективалар

Астана  қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2024 жылғы 29 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі МКҚК-мен бірлесіп «Концертмейстер жұмысының ерекшеліктері. Қазіргі заманғы концертмейстер орындаудың өзекті мәселелері: сабақтастық, тәжірибе алмасу, перспективалар» дөңгелек үстелі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: заманауи концертмейстердің орындаушылығының өзекті мәселелерін зерттеу, тәжірибе алмасу және осы саланың даму перспективаларын анықтау.

Дөңгелек үстел барысында «Концертмейстердің жұмысына қатысты нормативтік құжаттар» тақырыбында  баяндама оқылды. Сонымен қатар, спикерлер халықаралық конкурстардың лауреаттары, халықаралық байқаулардың дипломанттары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, жоғары санатты концертмейстерлер белсенді қатысып, «Кәсібі – концертмейстер. Концертмейстер өнерінің тарихы және оның ерекшеліктері», «Концертмейстердің жұмыс ерекшелігі және балалардың вокалдық білім алудағы рөлі», «Скрипка сыныбындағы пианист-концертмейстердің жұмысы», «Концертмейстердің музыканттың жеке басын тәрбиелеу және қалыптастыру процесіндегі психологиялық-педагогикалық міндеттері», «Үрмелі аспаптар сыныбындағы концертмейстер жұмысының ерекшелігі», «Вокалдық сыныптағы концертмейстердің өзара шығармашылық байланысы. (Ансамбльдік қасиеттерді дамыту)» тақырыбындағы шеберлік сыныптарын көрсетіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар өз ризашылықтарын айтып, алдағы уақытта шеберлік сабақтары мен танымдық семинарларда жиі тәжірибе алмасуға ниеттерін білдірді. Болашақта Республикалық деңгейде концертмейстерлерді жинауға ұсыныс түсті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған