«Тұлғалық даму тренингтері» атты шебер-сынып

2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерінің ұйымдастыруымен мектеп психологтарына әдістемелік көмек ретінде шебер-сынып өткізілді. Тренингке №25 ОМ –8 «Д», «Ғ» және №62 МЛ- 8 «А», «Б» жасөспірімдері қатысты.

Оқушылармен команда құру, өзіндік сенімділігін арттыру және өзін-өзі қабылдауға байланысты, қоршаған әлемге жағымды қатынас пен өзгелерді қабылдауға және жауапкершілікті қалыптастыратын топтық жаттығулар жүргізілді.

Мектеп психологтары өзге де сыныптарда тренингтер жүргізу үшін әдіскер Кошаналиева Э.К., шебер-сынып, әдістемелік ұсыныстар мен іс-шараның әзірлемелерін алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған