«Түрлі жас топтарында ойындарды ұйымдастыру «Картотека үлгілері» атты қауымдастық  отырысы өтті

2024 жылғы 26 қаңтар күні қазақ тілі мұғалімдері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №32 «Балдәурен»балабақшасында  «Түрлі жас топтарында ойындарды ұйымдастыру «Картотека үлгілері» атты қауымдастық  отырысы өтті.  Семинар барысында №34 «Ақ бидай» балабақшасының қазақ тілі маманы Калмаханова Самал Уралбековна, №32 «Балдәурен» балабақшасының қазақ тілі маманы Косыбаева Толкын Дайырбековна өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Ұлтымыздың ұлттық мұрасы – ұлттық құндылықтар» атты шебер сынып өте қызықты, әрі пайдалы болды. Қауымдастық жетекшісі Аршкенова Салтанат Абдалиевна алдағы өтетін семинарлардың маңыздылығымен қажеттілігін атап етті. Жас мамандарға осы іспеттес тәжірибелік шебер-сыныптарды жиі ұйымдастырып, тәжірибе бөлісу керектігі назарға алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған