«Жас психолог мектебі» аясындағы семинар-практикум

2024 жылғы 25 қаңтарда «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімімен Астана қаласының №27 мектеп-лицейінің базасында жас мамандарға арналған «Бейімделу динамикасын қадағалаудың өнімді әдістері»тақырыбында кезекті оқыту семинар-практикумы өтті. Іс-шараның мақсаты-жас мамандарға теориялық, практикалық білімді жетілдіру және педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелерінде тәжірибелік көмек көрсету.Әдіскер М. А. Рустимова «Психолог мамандығы туралы төрт іргелі сұрақ»техноойынын өткізді. Семинардың практикалық бөлімінде №30 мектеп-гимназиясының психологтары Г. К. Мякушко және №27 мектеп-лицейінің психологтары К. Т. Исабаева бейімделудің күрделі мәселелерін түсінуге көмектесетін жұмыс тәжірибесімен және әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ семинар-практикумда жасөспірімдердің шешім қабылдау, қарым-қатынас және жаңадан келген оқушылардың сәтті бейімделуіне қол жеткізу қабілетін дамытатын «Жіптер», «Сарай саламыз», «Полина-пицца-Прага» сияқты өнімді психотехникалар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған