2024 жылғы 26 қаңтар күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №20 орта мектеп педагогтерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында арнайы және жалпы орта білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәні мұғалімдері мен педагог-асситенттеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар барысында №20 орта мектеп педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шебер-сыныптар, тренингтер өткізді.
Семинар қатысушылары көркем еңбек пәні бойынша «Линогравюра», «Ағаш өңдеу. Оқтау жасау» тақырыптарында ұйымдастырылған шебер-сыныптарға, информатика пәні бойынша «Ерекше білім беру қажет ететін оқушыларға работотехника» және орыс тілі пәні бойынша «Мәтінді кешенді талдау» тақырыбындағы ашық сабақтарға, «Мамандықтар әлемі» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара мен «Достық деген не?» тақырыбындағы тренингке қатысып, арнайы сыныптарда жүргізілетін жұмыстармен танысты.
40-тан астам педагог қатысқан семинар қызықты, әрі танымды өтті.