«Мәшһүр әлемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

 2024 жылдың 26 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен  Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр әлемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Аманкельдиева Асыл Аманкелдіқызы төрт жылдық тарихы бар мектебіміздің тыныс-тіршілігімен келген қонақтарға таныстыра отырып, конференцияға өз тәжірибесімен бөлісуге келген қала мектептерінің педагогтеріне сәттілік тіледі.

Әрі ақын, әрі ағартушы, әулие, фольклорист, ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жыл толуына орай  іс-шаралардың өткізілуі «Мәшһүр Жүсіптің қазіргі заман ұрпағына жеткен мол мұрасының арқасы» екенін химия ғылымдарының докторы,  профессор Алтынбек Нұхұлы – Шорманның Мұсасы жас бала Жүсіпте тоқтау, жалығу, еріну, мүдіру, кідіру болмайтынын жарық шамдай жайнап, мөлдіреп аққан бұлақтай қайнап, тасыған судай төгілдіріп, маржандай тізілдіріп, бұлбұлдай сайрап, тыңдаушылардың көңілі әбден жайрап, таңырқантып, тамсанып, мейірлерін қандырып өлең оқыған Мәшһүрге лепес беріп ат қойғанын, одан  қадим жазуы мен араб қарпінде жазылған шығармаларының дені криллицаға аударылғаны  телегей теңіз төгілген еңбектің арқасында 20 том шығармасы өмірге келгенін, З.Тұрысбековтың қолдауымен «Даланың дарқан дариясы» атты 45 минуттық фильмнің тұсаукесері болғанын, мектеп ұстаздары мен жас буын оқушылардан құралған топтың орындауында «Мәшһүр» гимні және мектеп ішінде ашылған мұражай, қойылым  әрбір оқушының ой-санасына тез кіріп, бойға тез таралады да Мәшһүрге деген құрметі арта түсетінін мақтанышпен айтып өтті.

Келесі кезекте сөз алған филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы – «Абайы бар, Мәшһүр Жүсібі бар қазақ жер бетінен ешқашан жойылмайды олардың да жарқын өмір сүруге қақы бар» деп өзінің 33 жыл зерттеуінің нәтижесінде Мәшһүр Жүсіпке «ТҮГЕЛ АДАМ» деген қорытынды жасағаны туралы ойымен бөлісті.

Ал «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к доцент Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы – «Мәшһүр шығармашылығын әлі 50 жыл зерттеуге жететін дүниесі бар» деп жоғарғы жақта айтылған ойдан кейінгі ойды жалғастырып  Мәшһүрге деген махаббаттың әсерлілігін арттырса, филология ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры  Жүсіпова ЛаураҚуандыққызы «Мәшһүрдің батасын алған Қ. Сәтбаев, алашорда үкіметінің мүшесі Ж. Аймауытовтың жасаған еңбектерін түгелдеп,  сөз соңында «Рухты халықты» жау да, дауда ала алмайды деп сөзді түйіндеп, пленарлық отырыстың нүктесін қойды.

Конференцияның екінші секциялық кезеңінде педагогтер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және фольклор, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: тұлға және таным, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және ұлттық құндылық, тәрбие мәселелері, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және жаратылыстану ғылымдар мәселелері, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және руханият бағыттары бойынша іс-тәжірибе бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған