Қоғамдық тамақтандыру қызметін дамыту және оның болашағы

2024 жылдың 25 қаңтарында қазіргі заманғы кадрларды даярлау мәселелері бойынша  халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Қоғамдық тамақтандыру қызметін дамыту және оның болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

             Дөңгелек үстелге Анталияның Мехмет Балджы атындағы туризм колледжінің (Түркия), Ю.А.Готовцев атындағы Якут технологиялық колледжінің (Саха Республикасы, Ресей) өкілдері, Астана қаласы колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері және  әлеуметтік серіктестері қатысты.

        Дөңгелек үстелде кадрларды сапалы даярлауға жағдай жасау, сервис пен тамақтандыруға халықаралық стандарттар мен технологиялар элементтерін енгізу, кәсіптік оқытуды жетілдіру жолдары және т.б. сұрақтар талқыланды

        Франциядағы тағылымдама қорытындысы бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы Жұмағазы Ж. «Франция кондитерілік ісінің құпиялары» атты шеберлік-сыныбын ұйымдастырды.

         Іс-шараға қатысушылар жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шетелдік қонақтарға танымдық ақпарат үшін алғыс айтып және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін білдірді.

Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған