Жаһандық құзыреттілік – көзқарас пен құндылықтардың үйлесімі

    Астана қаласы әкімшілігінің МКҚК «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес 2024 жылдың 26 күні қантар  Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Жаһандық құзыреттілік – көзқарас пен құндылықтардың үйлесімі» тақырыбында білім ұйымдарының «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған семинар өткізілді.     Семинардың мақсаты – мектеп педагогтеріне «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын оқыту бойынша әдістемелік көмек беру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту теориялық білімдерін жетілдіруде және педагогикалық шеберлігін арттыруда практикалық көмек көрсету.       Бағаналинова Раушан Болатқызы әдіскер функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезіндегі «Жаһандық құзыреттілік» курстың сабақта және сабақтан тыс қызметте жаһандық құзыреттілікті қалыптастырудағы ерекшеліктерімен таныстырды

Семинар жұмысына Ғали Орманов атындағы №7  мектеп гимназиясынан белсенді қатысқан мұғалімдері: Г.Ә Төрехан, К.С.Макашева, А.Т. Надирова,  Н.А. Ақжанова, Б.К. Шаймерденова, К.Б. Джалалова, Г.М. Исабекова, Л.Т.Мусилимова, А.А.  Ақжанова. Семинар барысында сайыс,  ашық сабақтар көрсетілді.     

 Семинар соңында қатысушылар ашық диолог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты. Іс шараға мектеп білім беру ұйымдарының  70  педагог мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған