Пәндік олимпиадаға дайындық  пен стратегиялық біліктілікті арттыру

          Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  2024 жылдың  25 қаңтарында   №73  мектеп-лицей базасында «Пәндік олимпиадаға дайындық  пен стратегиялық біліктілікті арттыру»  тақырыбында  химия пәні педагогтеріне  қалалық оқыту семинары өтті.

           Пән педагогтеріне арналған I қалалық олимпиаданың жеңімпазы Өмірұзақ Қанат пәндік олимпиадада келген әрбір тапсырмаларға жеке – жеке тоқтап, семинарға қатысушылармен талдай отырып есептер шығарды.  Қиын есептердің шығарылу жолын түсіндірді.

         Семинар соңында  педагогтер  Khoot арқылы 15 сұрақтан тұратын  тест орындады. Жоғары балл алған 3  педагогке сыйлықтар үйлестірілді.  Рефлексия барысында педагогтер оқыту семинарының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, шараны ұйымдастырушы Шарипа Химановна мен  іс-тәжірибесімен бөліскен Өмірұзақ Қанатқа  алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған