«Жас педагогтердің тәжірибе алмасу алаңы» тақырыбында оқыту семинар

2024 жылғы 25 қаңтар  күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің ұйымдастыруымен №70 мектеп-лицейінің базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына (жас мамандарға) арналған оқыту семинары өтті.

«Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау» шебер-сыныпты

          Аталған семинарда «Мектепшілік бақылау» тақырыбында «Әдістемелік орталығы» МКҚК аналитика және мониторинг бөлімінің басшысы Досмухамет Анар Досмухаметовна толық мағлұмат айтып өтті. Сондай-ақ,

№22 мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нургалиева Алтынай Қалиқызы, №82 «Дарын» мамандандырылған лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абубакирова Эльмира Силыкбекқызы, №16 орта мектебінің  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нурмаганбетова Гульсен Амантаевна өткізді.

Семинар барысында «Мектепішілік бақылау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында  «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Шарипова Динара Госмановна мектепішілік бақылау мектептің оқу-тәрбие процесін жүйелі бағалау және білім беру сапасын арттыру критерийлерінің бірі болып табылатынын айтып өтті. «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті-отбасы тәрбиесінің негізі» №52 мектеп-гимназия  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аппазова Лайла Сагитовна, «Ұлттық құндылықтарды тәрбие мен оқу үдерісінде тиімді қолдану» №84 мектеп-лицей  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Елжан Серікбекұлы, «Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы» №74 мектеп-гимназия  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Ускенбаева Гүлжан Алтынбековна, «Білім алушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуы» №85 мектеп-лицей  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жетпысбаева Назым Базылбековна құжаттарын айтып өтті.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып,  тақырыптарға қатысты талқылау өткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *