Орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне жүргізілетін кешенді мониторинг

2024 жылдың 24 қаңтарында Астана қаласының Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Сулейменова Гүлназ Туралиевна Астана қаласының   білім беру ұйымдарының басшыларына «Орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне жүргізілетін кешенді мониторинг» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

      Әр мекеме мемлекеттік аттестаттаудан өтер кезде білім берудің барлық деңгейінің  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының  талаптарына сәйкес болуы, кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагогтеріне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуына баса назар аудару керектігін айтты.

      Білім беру басшыларына мектепішілік  бақылауды дұрыс жоспарлау, ҰБДБ толтыру, педагогтарды қабылдау, профилактикалық бақылау  және т.б мәселелер бойынша әдістемелік бағыт-бағдар берді.

       Кездесу соңында қатысушыларға сұрақтар қоюға және оларға  жауап алуға мүмкіндік берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған