«Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәуекел тобындағы оқушылардың жұмыспен қамтылуын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары

2024 жылғы 23 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен №74 мектеп-лицейінің базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарына арналған оқыту семинары өтті.

Семинар басы Астана қ. «Әдістемелік орталығы» МКҚМ әдіскері Әділхан Жеңіс Әділханұлы кіріспе сөз сөйлеп, жас мамандарға оқыту семинардың мақсатын түсіндірді. Іс-шара №32 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі, педагог-зерттеуші спикер Мамедова Назиля Ибатовна «Мектепішілік есептегі білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында жалғасты. Жас мамандарға қызмет барысында қандай мәселер бар екендігін түсіндіріп, әлеуметтік педагог қолданатын нормативтік құжаттарды айтып өтті. Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдульманова Бикон Амангельдиновна «Жасөспірімдердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу. Психодрама» тақырыбында тренинг өткізді. Сонымен қатар, № 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешені әлеуметтік педагогі Шмралина Ляззат Галимжановна оқушы әл-ауқатының картасы жөнінде сөз сөйледі. Семинар қорытындысы бойынша рефлексия өткізіліп, онда аталған іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған