Пәндік олимпиадаға дайындық пен стратегиялық біліктілікті арттыру

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 қаңтарында Ы.Алтынсарин атындағы «BINOM school» мектеп-лицей базасында «Пәндік олимпиадаға дайындық пен стратегиялық біліктілікті арттыру» тақырыбында биология пәні педагогтеріне қалалық оқыту семинары өтті.

Мақсаты: Педагогтің тәжірибесін, білімін жетілдіру, олимпиадаға әзірлеудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілерін үйрету, оқушының логикалық ойын дамытудың әдістемесін ұсыну.

Пән педагогтеріне арналған I қалалық олимпиаданың жеңімпазы Қасымова Лазим Талғатқызы пәндік олимпиадада келген әрбір тапсырмаларға жеке – жеке тоқтап, семинарға қатысушылармен талдай отырып жауабын таптырды. Қиын сұрақтарға кеңірек тоқталып, түсіндірді.

Оқыту семинарында педагогтермен топтық, жұптық, жеке жұмыс жасалды. Осы семинардан алған ақпарат бойынша олимпиадаға қажет практикалық турға арналған тапсырмалар топпен орындалды. Жұппен теориялық білімді қайталады. Семинар соңында 20 сұрақтан тұратын гуглмен тест беріліп, педагогтер орындады. Жоғары балл алған педагогтерге сыйлық үйлестірілді. Мұғалімдерге тапсырмалар жинағы таратылды.

Рефлексия барысында педагогтер оқыту семинарының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, шараны ұйымдастырушы Шарипа Химановна мен тәжірибесімен бөліскен Лазим Талғатқызына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған