«КӨРКЕМ ШЫҒАРМА – ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАСТАУЫ» СЕМИНАР-КОУЧИНГ

       20.01.2024 жылы  Астана қаласындағы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы  №78 мектеп-гимназиясында  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Маман Жанар Сейдахметқызының  қолдауымен  қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына  арналған  «Көркем шығарма – құндылықтар бастауы» тақырыбында  семинар-коучинг өтті.

         Семинар-коучинг өткізген мұғалімдер Коныртаева Гулмира Максутбековна  мен  Абдикадырова  Гулиза  Сарсембаевна  жас мамандарға

«8 минуттық оқу» жобасын жүзеге асыруда  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігінің артуына ықпал етудің жолдарын көрсетті. Жас маман көркем шығарманы талдау барысында оқушылардың сыни ойлауына, шығарманы өмірмен ұштастыра алуына қалай ұйытқы бола алатындығын түсінді. Оқу сағатын өз тәжірибесінде қолданса, «8 минуттық оқу» жобасын жүзеге асыруға қол жеткізетіндігіне сенімі арта түсті.

        Семинар-коучингке қала мектептерінен отыз мұғалім келіп,  семинар барысында  практика жүзінде жұмыс жасап, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың жолымен танысты. Семинар-коучингке Астана қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні  бойынша педагогикалық қоғамдастық жетекшісі Төлеубаева  Самал Жақсылыққызы  қатысып, өз бағасын берді.  Самал Жақсылыққызы  бүгінгі семинар-коучингте  жас мамандарға   практикалық тұрғыдан  әдістемелік   көмек берілгендігін атап көрсетті. Ол жас мамандардың да  іс-тәжірибесінде жаңалық пен жаңашылдық бар екендігін  және оқу жылының соңында жас мамандардың жыл бойы үйренгенін  түрлі тақырыптағы  шаралар  арқылы   бөлісетіндігіне сенім білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған