Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына оқыту семинары өтті

2024 жылғы 19 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК арнайы және инклюзивті білім беру бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.  

          Семинар барысында әдіскерлер мектепте педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу бағдарламалары және оның түрлері, жасалу жолдары бойынша толық ақпарат берді.

          Сонымен қатар, іс-шарада арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері ассоциациясының лидері Рауан Зарипқызы мектепте ППҚҚ ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.           Семинар соңында қатысушылар «ашық микрофон» аясында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған