2024 жылдың 18 қаңтары күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес «Жастар лигасы» жобасы аясында «Оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу» тақырыбындағы семинар-тренингі өтті.
Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар-тренинг барысында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскері Б.Сейдахметова тарапынан педагогтің кәсібилігінің шыңдалуы, өзін-өзі үздіксіз дамытудың заманауи тәсілдері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Жас педагогтер «Менеджмент, бизнес және білім колледжі» ЖШС тәжірибелі психологі А.Файзулина ұсынған «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері» аутотренингіне, «Томирис» медициналық колледжі» ЖШС психологі Ж.Костанованың «Ұстаздар мен ата-аналар — бір өзеннің екі жағасы» тақырыбындағы педагогикалық брейн-рингіне белсенді қатысты.
Семинар-тренингке қатысушы жас педагогтер іс-шараның өзектілігін, әдістемелік қолдаудың тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Іс-шараға 56 адам қатысты.