Республикалық олимпиадаға қатысушы ауыл мектептерінің оқушыларына арнап тренингтер өткізілді

2024 жылғы 15-16 қаңтарда психологиялық сүйемелдеу бөлімінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен мектептердің педагог-психологтары мен бөлім әдіскерлері республикалық олимпиадаға қатысушы ауыл мектептерінің оқушыларына арнап тренингтер өткізді. Оқушылар үшін би, музыкалық терапия элементтері, коммуникативтік ойындар, балаларға сергектік беретін жаттығулар, сондай-ақ әр оқушыға шығармашылық өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін арт-терапия әдістері өткізілді. Психологиялық сүйемелдеу бөлімі жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарап, қызықты да мазмұнды тренингтер өткізгені үшін №№ 26, 29, 39, 59, 82, 84, 85, ,86, 91 мектептері, А. Байтұрсынұлы атындағы Binom мектебі, А.Кекілбаев атындағы Binom school мектебі және №45 «Самұрық» Б/Б педагог-психологтарына алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған