Арнайы педагогтерге арналған семинар-практикум өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері «№2 Оңалту орталығы» КММ мамандарымен бірлесіп  арнайы педагогтарға арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін баланың психофизикалық дамуын бағалау. Командалық бағалау жүргізу»  тақырыбында семинар- практикум  өткізді.

Іс-шара барысында ПМПК ұсыныстарына сәйкес ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға командалық бағалауды жүргізудің теориялық және практикалық кезеңдері көрсетіліп, оңалту курсы барысында балалармен түзету-дамыту жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек берілді.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларын қатыстыра отырып практикалық жұмыстар орындалып, Оңалту орталығының мамандары қолданатын технологиялар көрсетілді.

Семинар соңында «5 саусақ әдісі» арқылы рефлексия жүргізіліп, қатысушылар спикер мамандарға алғыстарын білдірді. Іс-шараға білім беру ұйымдарының 109 арнайы педагогі қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған