Оқу процесіне эксперимент алаң бағдарламаларын енгізу

2024 жылғы 18 қаңтар күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқу процесіне эксперимент алаң бағдарламаларын енгізу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға 100-ден астам балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша қойылатын талаптар талқыланды. Сонымен қатар, №46 балабақша-мектеп-гимназия кешені тәрбиешілері өткен оқу жылында жүзеге асырылған «Балалардың бойында негізгі құзіреттерді қалыптастыру арқылы табысты тұлғаны дамыту жолдарын іздеу», №63 «Әсем-Ай» балабақшасының тәрбиешілері мен психологы «Эмоционалды интелектіні дамыту-эмоциялық көңіл-күй» тақырыптарындағы эксперименттік алаң жұмысы тәжірибелерімен бөлісу мақсатында шебер-сыныптар өткізді.

Семинар соңында, қатысушылар алған әсерімен бөлісіп, ұсыныстарын мен кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған