Сабақ сапасы-ұстаз біліктілігінде

            2024 жылдың 17 қаңтар  күні Астана қаласы Әдістемелік  орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  «Alpamys School» жекеменшік  мектеп базасында  химия пәні педагогтеріне «Шебердан тәлім» жобасы аясында «Сабақ сапасы-ұстаз біліктілігінде»  тақырыбында  қалалық  оқыту семинары ұйымдастырылды.

       Семинарда Астана қаласының химия пәні бойынша педагог-шеберлері  №17 мектеп-гимназиясының химия және биология пәні мұғалімі Жусупова Айнур Тыныбековна,  Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының  химия пәні  мұғалімі Кудерина Шарбану Ағзамовна, №66 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Искакова Дана Манапқызы, №93 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Оспанова Гульмира Нургазыевна  қатысушыларға шебер- кластар, коучинг, тренинг өткізді.  Іс-шараға барлығы 72 педагог қатысты.

      Семинар соңында қатысушылармен  ашық микрофон арқылы диалогтік алаң құрылып, өзара пікір алмасып, кері байланыс жасалды. Қатысушылар іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге, ұйымдастырушы Ш.Шакироваға жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған