Әдістемелік кеңес сағаты

2024 жылғы 11 қаңтар күні Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында Республикалық медициналық академия педагогтеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинар қатысушыларына педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, авторлық әзірленімдерді дайындау, оқу-әдістемелік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу, оқу үрдісінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Колледж педагогтері педагогикалық тренингке белсенді қатысып, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проблемалық мәселелерін талқылады.

          Әдістемелік семинарға 30-дан астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған