МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ӨТТІ

Астана қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Баспа қызметі бөлімі 2024 жылдың 10 қаңтар күні №№5, 18 мектептерінің кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік көмек кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетуді жақсарту, мектеп кітапханасының құжаттамасын дұрыс толтыру бойынша нұсқаулар беру,  кітапханашылардың кәсіби дағдыларын арттыру, іс-шараларды өткізу үшін идеялар мен ұсыныстар беру, әдебиеттерді шолу жоспарын әзірлеу, кітап көрмелерін ұйымдастыруда қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.

Білім мекемелерінде кітапхана қорын жинақтау, өңдеу, каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарудағы қызметте көмек берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған