Әкелер қауымдастығының отырысы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия базасында 2024 жылғы 5 қаңтар күні әкелер қауымдастығы мүшелерінің отырысы өтті.

Әкелер қауымдастығын құрудағы негізгі мақсат – бала тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту; ұстаз – оқушы – ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; бала тәрбиесінде отбасы өнегесін, әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін нығайту; отбасында және қоғамда әкенің рөлін биіктету керек.

Қауымдастықтың төрағасы Бекдайыр Нығметұлы сөз алып, әр отбасында баланың тәрбиесіне әкенің тікелей жауапты екенін,әке отбасында қандай тәлім-тәрбие беру керек екенін атап өтті.Әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Бұдан күтілетін нәтиже: мектепке әкелердің жаңаша көзқарасын қалыптастыру; мектеп өміріне әкелерді тарта отырып, байланысты нығайту, белсенділігін арттыру.

Отырыс соңында қауымдастық мүшелерімен жұмыс жоспары талқыланып, әкелерге арналған «Жеті атасын білмеген…» тақырыбында әке мен бала арасында қалалық байқау қаңтар айының соңында жоспарланған.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған