«Мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы табысты байланыс» қалалық семинар

2024 жылдың 4 қаңтар күні әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімімен «Мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы табысты байланыс» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді. Семинарға сынып жетекшілері және жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдерінен 32 педагог қатысты.

Семинарда бөлімнің әдіскерлері практикалық жұмыста табысты қарым-қатынас жасау және жанжалды жағдайларды шешу тәсілдерін, сондай-ақ ата-аналар жиналыстарын жаңаша түрде өткізу кезінде бейнеәдісті қолдануды көрсетті. Педагогтар семинар тақырыбының өзектілігін және педагогтың оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды компоненттерінің бірі болып табылатын оң коммуникацияның маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар оң пікірлер білдірді. Семинар соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған