Мектепке дейінгі білім беру бөлімі Астана қаласының жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен семинар өткізді

2024 жылдың 4 қаңтарында Мектепке дейінгі білім беру бөлімі Астана қаласының жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен семинар өткізді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Астана қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 441-НҚ бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік аттестаттауға жататын балабақшалардың тізбесі бекітілді, бұл Астана қаласының 20 мемлекеттік және 59 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары.

Астана қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының 2023 жылғы 09 қарашадағы бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес өзін-өзі бағалауды тапсыру кестесі және мемлекеттік аттестаттаудан өту мерзімдері бекітілді. Кестеге сәйкес жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар кезек тәртібімен балабақшаның сайтында балабақшаның өзін-өзі бағалауын орналастырады, сондай-ақ аттестаттауды бастамас бұрын қағаз және электрондық нұсқада ДКСО-ға ұсынады. Жекеменшік балабақшалардың алғашқы өзін-өзі бағалауын ұсыну мерзімі кестеге сәйкес 19 қаңтардан басталады, ал мемлекеттік аттестаттаудан өту мерзімі 19 ақпаннан басталады. Өзін-өзі бағалауды тапсыру және әр балабақша үшін мемлекеттік аттестаттаудан өту мерзімі әр түрлі күндерде анықталады. Сондай-ақ, Мектепке дейінгі ұйымдардың сайтында өзін-өзі бағалауды орналастырғаннан кейін, балабақша мектепалды топтардың ата-аналары мен балабақша педагогтері арасында сауалнама жүргізу туралы ДКСО-ға өтініш жібереді.

Семинарда мемлекеттік аттестаттауға дайындық бойынша өзекті мәселелер және бақылау жүргізу рәсімінің алгоритмі талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған