Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту

Астана  қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2024 жылғы 4 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық шығармашылық орталығы» МКҚК-мен бірлесіп «Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Қалалық деңгейде өткен семинарға жалпы білім беру мекемелерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтері қатыcты.

Семинар барысында «Қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы» тақырыбында  баяндама оқылды. Сонымен қатар, «Техникалық дизайн» үйірме жетекшілері «Заманауи бағыттағы өрмек тоқу», «Түйінді батик», «Фетрдан киім үлгілерін тігу әдіс-тәсілдері» және «Арнайы инемен кілем тоқу» тақырыбындағы шеберлік сыныптарын көрсетіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері қосымша білім беру ұйымдарында техникалық-шығармашылық жұмыстарының маңыздылығы туралы сөз сөйлеп, спикерлерге қалалық оқыту семинарында озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін алғысын білдіріп, сертификаттарды табыс етті.

Қатысушылар өз ризашылықтары мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта шеберлік сабақтары мен танымдық семинарларда жиі тәжірибе алмасуға екендіктерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған