Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы»   МКҚК Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия базасында 2024 жылғы 4 қаңтар күні «Құндылыққа  негізделген білімді үйлестіру» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған оқыту семинар өтті.

Qundylyq кәсіби білім беру орталығы «Білім-инновация» лицейлерінің табысты тәжірибесінің практикалық жұмыстарымен бөлісті. Білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыруда,  ата-аналармен бірлесіп жұмыс  жасауды,  бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу және практикалық-тәжірибелерін қолдану бағытында мектеп әкімшілігі сараланған жоспар құрып, «Мектеп-оқушы-ата-ана» үштігі аясында нәтижелі жұмыс жасай алады.

Семинар барысында «Құндылыққа негізделген білім беру» курсынан өткен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің директордың бейіндік орынбасары Оспанәлі Гүлнара Арысбекқызы «Құндылық –  ұжымдық мәдениеттің компоненті ретінде»,  қазақ тілім пәнінің мұғалімі Сағын Мейрамгүл Убайдуллақызы құндылыққа бағытталған білім беруде «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын кіріктірудің жолдары, сонымен қатар Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Хабибулина Жанна Ерназаровна озық тәжірибелерімен бөлісті.

Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері сабақтардың сапасын арттыру мақсатында құндылықтар негізінде білім беру пәндік сабақтарға жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіруге көмектеседі.

Семинар қорытындысы бойынша рефлексия өткізіліп, онда аталған іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған