Психология апталығы

2023 жылғы 19 -26 желтоқсан аралығында Елорданың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог- психологтардың іс- шаралар жоспарымен сәйкес, «Психология апталығы» ұйымдастырылып, кең мазмұнда аталып өтті.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық қызметтің әлеуетін дамытуға бағытталған ағартушылық-профилактикалық іс-шаралар арқылы білім беру үдерісіне қатысушылар субъектілерінің психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру.

Ата-аналармен «Мен өз балама қаншалықты көңіл бөлемін?», «Бала әлемді қалай таниды?», «Интернет өз балаңнан да қымбат», «Сіз өз балаңызды білесіз бе?», Педагогтармен психологиялық қысымды шығару, стресспен күресу бойынша «Эмоционалдық күйдің алдын алу», «Біз біргеміз, берік іргеміз!» және т.б. тақырыптарында семинар -практикумдар мен тренигтер өткізілді. Балалармен «Қар бетіндегі өрнектер» таза ауада қар бетінде сурет салу сайысы, «Достық» тренингтік жаттығулар «Менің сүйікті ойыншығым», «Келіңдер дос болайық»,ойындары жүргізілді. Балалардың қол өнерінен «Ғажайып әлем тақырыбында» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Барлық балабақшаларда апта бойы қабырғалар түрлі түсті газеттермен, плакаттармен және суреттермен, психологияның символымен және психологтың ата-аналар мен педагогтерге ұсынымдары және кеңесімен безендірілулі болды.

Әдеттегі күнделікті жұмыспен салыстырғанда, оқу процесіне қатысушылардың белсенді қатысуын позитивті жетістік деп айтуға болады. Балалар, ата-аналар және педагогтармен жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір іс-шара жағымды эмоциялар тудырып, одан әрі жұмысқа қызығушылық танытып, көңіл-күй сыйлауға бағытталды.

Педагог- психологтар балабақшаға келген әрбір адамға жағымды психологиялық ерекше атмосфера сезінуіне жағдай жасай білді.

Апталықты белсенді және шығармашылықпен өткізген №№5,7,17,19,22, 25,27,28,30,33,37,41,49,61,62,63,64,66,72,77,79,80,81,87,89,92,95,96 балабақшаларының педагог- психологтарына алғысымызды білдіреміз.

Апталық туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірлер, ұсыныстары үшін құрылған «ұсыныс поштасы» психология апталығы туралы пікір, көзқарастарын ашық білдіруге мүмкіндік берді. Апталық соңында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша өткізілген іс -шаралар, акциялар мен конкурстар ата-аналардың балабақшаға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік болды деп айта аламыз. Белсенді қатысушыларға балабақша атынан грамоталар, алғыс хаттар табысталды.

«Психология апталығы» біздің елордалық балабақшалардың ең жақсы дәстүрлерінің бірі және бұл дәстүр жыл сайын жалғасын табатын болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған