«Жас психологтар мектебі» аясында тәжірибелік тимбилдинг

2023 жылғы 14 желтоқсан Астана қаласы №22 мектеп-гимназиясында«Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық cүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері М.А.Рустимова, Т.Сатымбекова «Жас психолог мектебі» бағдарламасы аясында тәжірибелік тимбилдинг сабағын «Тиімді қарым-қатынас құру әдістері» тақырыбында өткізді, тимбилдингке 30 жас маман қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты оқушылар және ересектермен жұмыс жасау барысында тиімді әдістер мен жаттығуларды үйрену.

Тәжірибелік сабақ барысында бірқатар ойын жаттығулары мен психотехника, әр түрлі жағдайдардан шығу әдістерін бағдарлау, шешім қабылдау дағдыларын үйрену әдістері қолданылды. Сондай-ақ, қарым-қатынастағы жағдайлар мен қиындықтарды талдау. Бұл тиімді жаңа тәсілдер мен идеяларға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған