2023 жылғы 27-желтоқсан күні Астан қласының №8 мектеп-лицейінде «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында«ФУД зертхана» жобасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласының Медициналық университеті студенттері шебер-сынып өткізілді. Семинарға педагогтер, Астана Медицина университетінен 30-астам өкілдері қатысты.
Жобаның мақсаты — дұрыс тамақтану мәдениетін үйретумен бірге, тағамның құрамындағы бар қажетті заттарды тәжірибелік тұрғыда балаларға көрсету.
Семинар соңында, қатысушылар іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді және алдағы уақытта білім алушылардың дұрыс тамақтануы бойынша мәселелерді талқылады.