2023 жылдың 21-22 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен №29,63,76,77 мектептерінде жасөспірімдер арасында «Біз біргеміз!» тақырыбында тиімді қарым-қатынасты дамытуға бағытталған тренингтер өткізілді.
Тренинг барысында пайдаланылған интерактивті қыздыру ойындары, жағдаяттық жаттығулар, жұмбақтар мен әзілдер ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу атмосферасын құруға ықпал етті. Ойын арқылы оқушылар бір-бірінің тұлғалық жағымды және қарым-қатынас қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік алды. Тренинг бойынша өз рефлексиясында қатысушылар достарымен жағымды қарым-қатынас, ата-аналар мен жақын адамдарынан сүйіспеншілік пен түсіністік, өзін-өзі тану қажет екенін атап өтті.