«Үздік өндірістік оқыту шебері» қалалық байқауы өткізілді

2023 жылдың  қараша –желтоқсан   аралығында Астана қаласы техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында  «Үздік  өндірістік оқыту шебері» қалалық байқауы  өткізілді.

Өткізу мақсаты – өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіру,  мамандығының беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені насихаттау.

Байқауға 19 өндірістік оқыту шебері қатысып, визит карточкасы мен инновациялық технологияларды пайдаланған  өндірістік оқыту бейнесабақтарын және  заманауи  талаптар  бойынша сабақ жоспарын ұсынды.

 «Үздік өндірістік оқыту шебері» қалалық байқауының  қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар  марапатталды:

    І дәрежелі дипломмен  – Осинская Вера Юрьевна, ASTANA POLYTECHNIC  жоғары колледжі» ШЖҚ МКК, өндірістік оқыту шебері;

          ІІ дәрежелі дипломмен – Садыков Марат Кадырбекович, Астана қаласы әкімдігінің  «Құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК, өндірістік оқыту шебері;

         ІІІ дәрежелі дипломмен – Маумова Айжан Жанатбековна, Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК, өндірістік оқыту шебері;

         ІІІ дәрежелі дипломмен – Мукатов  Ерболат  Зиядович, Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК, өндірістік оқыту шебері.

         Байқаудың  жеңімпаздарына   Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК бағалы сыйлықтар табыстады және  Астана  қаласының  білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының  атынан  қатысушыларға  сыйақы сертификаттары  берілді.   

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған