PISA, TIMSS халықаралық зерттеу есептеріне шолу

2023 жылғы  22  желтоқсан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен «PISA, TIMSS халықаралық зерттеу есептеріне шолу»  тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар барысында математика пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, PISA есептердің оңай шешу әдіс-тәсілдері бойынша спикерлер: әдіскер Қанымай Өзбекбайқызы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының математика пәні мұғалімдері  Әрін Қайсаұлы, Сыздықов Асқар өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Математикалық сауаттылық:

 – математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу;

– әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты оқу, талдау;

– есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

– математикалық білімін өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану екеніне тоқталып пән бойынша көптеген есептер шығарылды.

          Математика пәні бойынша: мөлшер, кеңістік және форма,  өзгеріс және қатынас, белгісіздік, стандартты қабылдаулар мен әдістер, қарапайым математикалық амалдарды орындау есептеріне тоқталып өтілді.

Семинарға қала мектептерінен 40 педагог қатысты.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, осы жұмыстар әрі қарай жалғасы болса деген ұсыныстарын айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған