«Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы» қалалық семинары

Астана  қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК–нің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 22 желтоқсан күні Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп – лицейінде «Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Мақсаты: педагогтерге құндылықтарға негізделген білім берудің маңыздылығын дәріптей отырып, пән педагогтерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Семинарда  құндылыққа негізделген білім берудің білім сапасына әсері, тақырыптар бойынша  Құндылық — бүгінгі күн көзімен…, Ұлттық құндылық-ұлт қорғаны, Жаңа Қазақстан жастарының құндылықтары аға буын құндылықтарынан қалай ерекшеленеді: білім мен тәрбие, Құндылық- ұжымдық мәдениеттің компоненті ретінде, Мектепке даярлау: бүгінгі баланың ертеңгі оқушыға айналуы, құндылықтың сабаққа енгізілуіне қатысты шеберлік сабақтар, коучингтер мен тренингтер өткізілді.

Мектептегі тәрбие процесін құндылықтарға негіздей отырып әр ай сайын «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы бойынша оқыған білім беру ұйымдары қалалық семинар өткізуді жоспарлады

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған