Мамандыққа алғашқы қадамдар

Астана қаласы әкімдігінің «№2 Оңалту орталығы» КММ Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесіп, жас арнайы педагогтарға арналған «Мамандыққа алғашқы қадамдар» атты танымдық қалалық семинар – практикумы өтті.

Бұл іс – шарада, ПМПК қорытындысына сәйкес ерекше балаға бейінді командалық бағалауды жүргізудің теориялық және практикалық кезеңі көрсетілді. Орталықтың мамандары оңалту курсы барысында балалармен түзету-дамыту жұмысын қалай дұрыс құру керектігі жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. «5 саусақ әдісі» рефлексиясы кезінде Әдістемелік орталықтың арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы С.Е.Қасымканова, шақырылған білім беру ұйымдарының мамандары барлық педагогикалық ұжымға шын жүректен алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған