Жаһандық құзыреттілік  курсының оқыту ерекшеліктері

Астана қаласы әкімшілігінің МКҚК «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес 2023 жылдың 21  желтоқсында №26 мектеп- гимназиясында «Жаһандық құзыреттілік  курсының оқыту ерекшеліктері» атты білім ұйымдарының «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған семинар өткізілді.     Семинардың мақсаты – мектеп педагогтеріне «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын оқыту бойынша әдістемелік көмек беру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту теориялық білімдерін жетілдіруде және педагогикалық шеберлігін арттыруда практикалық көмек көрсету. Бағаналинова Раушан Болатқызы әдіскер функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезіндегі «Жаһандық құзыреттілік» бағытының ерекшеліктерімен таныстырды.

Отарбаева Л.Л., ФАО департаментінің басшысы және «Жаһандық құзыреттер» курсының тренері Клименко Н.А. «НЦПК» «Өрлеу» БАҰ Астана қаласы бойынша коучинг өткізді

Семинар жұмысына №26 мектеп гимназия белсенді ат салысқан мұғалімдері: директор Тодераш О.Е.,   директордың оқу жөніндегі  орынбасары Слямова С.Ш., Алибаева Г.У. Жумабекова Ш.С., Балгожина А.Р., Кусманова Н.Ж., Зеленая А. Семинар барысында сайыс, коучинг, ашық сабақтар көрсетілді.     

 Семинар соңында қатысушылар ашық диолог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты. Іс шараға мектеп білім беру ұйымдарының  67-ке  жуық  педагог мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған