«Сабақта оқу әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары» атты қалалық семинар

2023 жылдың 20 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен  № 19 орта мектептің  ұйымдастыруымен бастауыш сыныптардың жас мамандарына «Сабақта оқу әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары»  атты қалалық семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты –  оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формаларын пайдалана отырып, келешектегі пәндік және әлеуметтік жағдайларда табысты әрекетке бағыттап, тұлға қалыптастыру.

№19 орта мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Гүлзейнеп Сейдалымовна  алғы сөз сөйлеп, Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұржамал Кәрімбердіқызы «Сабақта қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қатысушылармен ой бөлісті. Іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге  Е. Гусева, А. Юрьева, А. Табынбаева, М. Артамонова, Г. Сатекова, Г. Турарова, А. Камитова, Н. Юнусова, Г. Байманова, Г. Бейсембаеваларға жас мамандар мен қатысушы педагогтер ризашылықтарын білдірді.Әдістемелік орталық әдіскері Н.Әзімбай семинарды қорытындылап, жас мамандарға сәттілік тіледі. Қатысушылар  семинардан алған әсерлерін кері байланыс арқылы жеткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған