Әкелер қауымдастығының отырысы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Нұра» ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 2023 жылғы 19 желтоқсан күні әкелер қауымдастығы мүшелерінің отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібі бойынша Орталық басшысының орынбасары Амиргалиев Жангелді Қуандықұлы әкелер қауымдастығы мүшелерінің құрамымен таныстырып өтті. Қауымдастықтың жұмыс жоспарын жасау және төрағасын тағайындауды ұсынды.

Әкелер қауымдастығығына кірген мектептер №№2,4,37,59,70,72,77,85,87,89, БИЛ (қ), БИЛ (ұ).

Қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, тиісті отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аудару және отбасы институтының мәртебесін нығайту мақсатында Орталықтың жанында әкелер қауымдастығы құрылды.

Отырыс соңында қауымдастық мүшелерімен жұмыс жоспары талқыланып, әкелер қауымдастығының төрағасы тағайындалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған