«Рефлексия-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі» атты оқыту семинары өтті

2023 жылғы 15 желтоқсан  күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы «Рефлексия-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі»  тақырыбында онлайн оқыту семинары өтті.
Онда спикерлер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға 48 қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысты.

Аталған семинарға М.Амиреева «Білім берудегі кері байланыс түрлері», С.Парманова «Білім алушыға іс-әрекетіне жүйелі кері байланыс берудің    маңыздылығы ұстаздың  өзіне рефлексия  жасаудың нәтижесі»,
С.Садыкова «Заманауи кері байланыс пен рефлексия жасау түрлері» тақырыбында кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделетінін, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру керектігін атады. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі.
Семинардың екінші бөлімінде А.Абуова, Д.Салхаева, Г.Туралиева, Г.Мусекенова, Т.Хасенова өздерінің іс-тәжірибесіндегі рефлексия технологиялары мен әдістерін таныстырды.
Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.
Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған