«Абай деп соққан жүрегім» байқауы өтті

2023 жылғы 15 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және №49 «Алтынай»  балабақшасының ұйымдастыруымен  мектеп жасына дейінгі  балаларға арналған   «Тәуелсіз Қазақстан  бүлдіршіндерінің – Абай деп соққан жүрегі»  атты  қалалық байқау өтті.

Байқау мақсаты – талантты ақын Абай Құнанбайұлының тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, шығармаларын бала жүрегіне ұялату арқылы  жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Байқауға  мектепке дейінгі ұйымның 20 тәрбиеленушісі, педагогтер және ата-аналар қатысты.

Іс-шараға әділ қазылар алқасы мүшелері  ақын, жазушылар одағының мүшесі, Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Молдабек Серік Рысбекұлы,  Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының  педагогі Ихсан Данияр Маратұлы, Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Смайыл Сандуғаш Серікболқызы, педагогикалық шеберлік бөлімінің әдіскері  Шаяханова Роза Акпановна әділ бағасын берді.

Қатысушылар бүлдіршіндердің өлең оқу мәнеріне тәнті болды. Озып шыққан жеңімпаздарға  жүлделі орындар мен номинациялар берілді.

  Абайдың асыл сөздері  келешек заманымызда да көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Сол себепті оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.             

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған