«Менің Отаным-Қазақстан» атты тақырыптық іс-шаралар өткізілді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ТАРИХЫ 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Қазақстандықтар үшін бұл күн ел тарихындағы мүлде жаңа дәуірдің басталуының нышаны. Тәуелсіздік күнін мерекелеудің әрбір қазақстандық үшін ерекше мәні мен мағынасы бар.

Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық негіздері мен патриотизмді қалыптастыру, туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту мақсатында тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің негізгі идеялық желісі Отанға, еліне, туған жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттық рухты нығайту, тәуелсіздік пен егемендік идеяларын насихаттау.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған