ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР КЕЙСІ

2023 жылғы 13  желтоқсан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен  «№36 орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің Т2 мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық идеялар кейсі»  тақырыбында  қалалық семинар өтті.  

Семинарға қазақ тілі пәнін  оқытуда авторлық бағдарламаларды құрастырған жетекші мұғалімдер мен бір топ педагогтер қатысты. Өз іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер мұғалімнің шығармашылық және зерттеу дағдыларын дамыту, ізденісте болу, деректермен жұмыс істеуге қатысты практикалық кейстерге басымдық берді. 

Әдістемелік орталықтың әдіскері Г.Бекболатқызы «Мұғалімнің  тұлғалық және кәсіби өсуі» тақырыбына тоқталса,  «№36 орта мектеп»  КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  К.Ш.Саргелтаева «Ұлы дала ұлағаты» авторлық бағдарламасымен таныстырды.   

№32 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қ.Н.  Абдраханова өзінің  «Оқу сауаттылығы» факультатив курсының оқыту ерекшеліктері туралы педагогтердің сұрақтарына жауап беріп,№22 мектеп-гимназиясының  мұғалімі  Калипанов Б.Т. заманауи АКТ түрлері – онлайн бағыттағы жаңа тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.  

Қатысушылар барлық спикерлердің жұмыстарына  ризашылықтарын білдірді. Семинар соңында  тиімді кері байланыс берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған