«Бастауыш сынып оқушыларының функциналдық сауаттылығын қалыптастыру» атты республикалық семинар

Қазіргі таңда бала білімінің іргетасын қалыптастыру саласында еңбек етіп жүрген аталған мамандық иелері аз емес. Олардың атқарып жүрген жұмыстары мен шығармашылық жолдарындағы ізденістері де ұшан-теңіз.
Бастауыш маман иелерінің басын қосу және пікір алмасу үлкен жетістік.

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және №59 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 14 желтоқсан күні «Бастауыш сынып оқушыларының функциналдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарға өз тәжірибелерімен бөлісуге бес өңірден бастауыш мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын қалыптастырудың теориялық және практикалық актілерін ұсыну.

Іс-шараға Әдістемелік орталықтың бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Н. К. Әзімбай, әдіскер Ж.И. Ергешбаев, қалалық бастауыш сыныптарың мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектеп директоры А. А. Жұмабекова алғы сөзімен ашып, қатысушы мұғалімдермен таныстырып, жаңа бой көтерген бастауыш сыныптары ғимаратының ашылғаны жөнінде тоқталып өтті. Сондай-ақ ҚР Оқу ағарту министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Т.Мелдебекова кіріспе сөз сөйлеп, бүгінгі білім беру жүйесіндегі бастауыш мектептің бастау алар табалдырығы мен оқушыларды функциналдық қызметке дағдыландыру туралы тоқталды.

Іс-шара барысында Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, көпбейінді тренер А. М. Ақмағамбетова «Пәндік сауаттылықтан – функционалдық сауаттылыққа» тақырыбында маңызды мәселе көтерсе, Түркістан қаласы №28 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Б. Бақыт онлайн-эфирге шығып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар онлайн форматта Алматы қаласынан Р. А. Қадиркулов IT тақырыбында сөз қозғап, өзінің электрондық оқулықтар қосымшасымен және жеке жобасымен таныстырды. Ал №59 мектеп-лицейінің  бастауыш сынып мұғалімдері Б.О. Нұрғалиева «Формирование функциональной грамотности учащихся начальных классов», С.Е. Уралбекова «Модель выпусника начальных классов в контексте IT компетенции» атты тақырыптарымен баяндама жасады.

Семинар 2 секция жұмысымен әрі қарай жалғасын тапты. Блок А және  Блок Б деп бөлініп, тәжірибе алмасу ашық сабақтары өтті. Шараға еліміздің әр өңірінен мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты, шеберлік сыныптарын жүргізді, пікір алмасты. «Адам болам десеңіз», «Менің елім тірегім» тақырыптарында сыныптан тыс және «Асық ату», «Работатехника», «Бисероплетение»,«Арт терапия» үйірмелік іс-шараларын трансляциялады. Семинардың тартымды әрі маңызды өтуіне ат салысып, үлестерін қосқан №59 мектеп-лицейінің  оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары А.Ж. Апакова, В.К. Сатпаевалардың еңбектері ерекше.
Семинар соңында Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының атынан Ж.Измаханұлы әдіскер мұғалімдерді сертификаттармен марапаттады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған