Raising Global Citizenship awareness through ELT

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 07 желтоқсан күні сағат 15.00-де Quantum STEM School мектебінде «Raising Global Citizenship awareness through ELT» қалалық семинары ұйымдастырылады.

      Мақсаты – жаһандық азаматтықты тәрбиелеудегі тиімді әдістер мен әдістерді көрсету, қалыптастыру.

Аталған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  қатысты.           

Семинар барысында Quantum STEM School  директоры Аккисев Ернар Саилауханович «Positive Learning» мектептің іс – тәжірибесімен таныстырып, коучинг өткізді.

Хаят Бостан ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне «Transforming and redirecting teaching in the 21st century» тақырыбында баяндама жасады.

Секциялық бөлімдерде Quantum STEM School мектебінің оқытушылары Серпутько Тамара Андреевна «Reinforcing Literacy in GCED context», Ахметова Инкар Берикбаевна, Ныгметжанова Дана Болатқызы (Ы. Алтынсарин ат. BINOM SCHOOL мектеп-лицей) «Becoming a Global Citizen: What can You Do?», Юрчинская Анна Сергеевна, Бендерская Еркежан Озатовна «Debates in Developing Empathy and Conflicts Management Skills», Айкенова Айжан Жаркыновна (Maqsut Narikbayev University) «The development of soft skills in high school», Natalya (KazAELT) «The Use of AI Tools in Teaching» тақырыптарында шеберлік сыныптар өткізді.

Екінші бөлігінде Оразова Айнагуль Мирамгалиевна «Social- Emotional Learning», Ибраева Жайнагуль Жанибековна, Гумарова Бота Нурбулатовна «Incorporating Environmentally Friendly Awareness in ESL lessons», Сисенгалиева Ажар Маратовна, Иванова Валентина Юрьевна «Gradual Release of Responsibility: Instructional Framework», Байгулова Жибек Жаслановна, Муслимова Бану Абуталиб кизи «Life Changing Platforms and Applications in ELT Classroom», Шакаманова Агния Абаевна (Riviera International School by Quantum) тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

Семинар кезінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері семинарды рефлексиямен аяқтады. Іс-шараға қатысқан педагогтерден кері байланыс алынды. Орталық әдіскері Амирова А.Б. тағы да басқа көптеген сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған