Оқушылардың тұлғалық дамуына арналған әдістер

           2023 жылдың 07 желтоқсан  күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен мектеп психологтарына әдістемелік көмек ретінде №90 МГ 5 «в» және 6 «ә» және №86 МГ 5 «а», «б», «в», «г», «д» сынып оқушыларымен   психологиялық жаттығулар  өткізілді.

        Оқушылармен команда құру, өзіндік сенімділігін арттыру және өзін-өзі қабылдауға байланысты, қоршаған әлемге жағымды қатынас пен өзгелерді қабылдауға және  жауапкершілікті қалыптастыратын топтық жаттығулар жүргізілді. Оқушылар өздеріне қатысты ақпаратпен бөлісіп, бір-біріне сыйлықтар жасап,  жылы тілектерімен  бөлісті.

        Ал мектеп психологтарына өзге де сыныптарда тренингтер жүргізу үшін  әдістемелік ұсыныстар мен іс-шараның әзірлемелері берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған