«Safety School» ЖШС мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

2023 жылы 8 желтоқсан  күні «Safety School» ЖШС мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандум «Senim» Қауіпсіздік мектебі» серіктестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Тараптар жалпы қабылданған тәжірибеге сүйене отырып, теңдік, ізгі ниет, құрмет және сенім негізінде ынтымақтастықты іске асыруға ниетті.  Меморандумды іске асыру процесінде өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.

Осы Меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары:

«Senim» қауіпсіздік мектебінің ақпараттық қызметін жүзеге асыруда қолдау көрсету.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді сапалы жариялау мақсатында ақпараттық компанияны өткізу бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу.

Балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне қатысты Астана қаласының ата-аналары мен оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Алдағы уақытта  Меморандумды іске асыру мақсатында екі тарап бірлесіп дайындаған бағдарламаларын, жобалар мен іс-шараларды іске асырмақ.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған