Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2023 жылғы 6 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жоспарына  сәйкес  № 32 мектеп-гимназиясымен бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған «Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім» атты қалалық семинар өткізді.

Іс-шара мақсаты – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, сауатты ұрпақ дайындау.

№ 32 мектеп-гимназиясының директоры Байтас Г. «Құндылыққа негізделген білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, мектептегі құндылықтар бойынша атқарылған жұмыс нәтижесін көрсетті.

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары О. Аубакировна «Құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие-болашақ кепілі» тақырыбында ой бөлісті. Психолог А. Уразбаева «Жақсы көңіл-күй-жанға қуат береді» шағын тренинг өткізді.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйледі.

          Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері құндылыққа негізделген ашық сабақтарын көрсетті.

4 «Қ» сынып. Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: «Мамандық туралы ойым». Адилбаева Р.

2 «Қ» сынып. Математика. Тақырыбы: «Шамалардың мәндерін қосу және азайту». Хасенова Е.

1 «Ә» сынып. Әліппе.Тақырыбы: «Юқосарлы дыбысы мен әрпі». Ақылбаева М.

3 «З» сынып.Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: «Мақтанышым –Астанам»» Сәулебек Т.

3 «Ғ» сынып. Дүниетану. Тақырыбы: «Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?». Боранова Г.

          Бастауыш сынып мұғалімі Тлеукабылова К. жас мамандармен «Ұлттық құндылықтың бастауы-сапалы білім мен тәрбиеде» тақырыбында шебер сабақ өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

 «Талантты ұстаз-дарынды шәкірт» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Ж. Джакипова мектептің бастауыш сынып оқушыларының жобаларды қорғау жұмыстарының  нәтижесін көрсетті.

Семинарға елорда мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

          Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған