Пән педагогтарына арналған I қалалық олимпиада

Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман.  Мұғалімнің кəсіби біліктілігін шыңдауда білім беру ұйымдарында түрлі байкаулар өткізіліп тұрады. Бүгін Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен елордалық ұстаздар арасында өткізілген №59 мектеп-лицейінде пән педагогтеріне арналған I қалалық олимпиданың жабылу салтанаты өтті. Оған мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты.
Мақсаты — мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік педагогтарды анықтау.

Олимпиадаға  барлық пәндер бойынша 1000-ға жуық педагогтер қатысты. Барлық мұғалімдер сертификатпен,  ал 307 олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  I, II және III дәрежелі дипломдармен  марапатталып,  естелік сыйлық табыс етілді. Астана қаласы, Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Мұхамеджанова Алма Кайыркеновна  барлық жеңімпаздарды құттықтап,  болашақта бұл жеңістің биік белестерге апаратын жолдардың бірі екендігін атап өтті.
        Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ЖМБ және Stem технология зертханасының бас ғылыми қызметкері, профессор  Мазбаев   Блисбекұлы, «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік  қоғамы «Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты оқу бөлімі филиалының  басшысы Исентаева Кунсулу Аугалиевна,  «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік  қоғамы «Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты оқу бөлімі филиалының  аға оқытушысы Боранбаева Ляйля Каирбековна, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы мемлекеттік марапат иегері Байулова Гүлназия Сабыровна  пән олимпиадасының құрметті қонағы болды.  Жеңімпаздардың құрметіне Астана қаласының музыка пәні мұғалімдері өнер көрсетті. Іс-шараның соңы музыка пәнінен  мұғалімдерінен құралған хор «Жайна Астана» және «Ұстазым» әнімен   орындауымен аяқталды.
      Мұғалімдер арасындағы бұл сайыс — педагогтердің өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырып, білімдерін дамытуға ықпал етпек.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *